Ақтау порты рекорд орнатты

17 Маусым 2024, 18:27
312
Бөлісу:
Ақтау порты рекорд орнатты
Фото: ҚТЖ

Ақтау порты осы жылдың мамыр айында контейнерлерді ауыстырып тиеудің айлық көлемі бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚТЖ мәліметінше, Ақтау теңіз порты 2024 жылдың мамыр айында контейнерлерді өңдеудің айлық көлемі бойынша өз рекордын қоя отырып, 5,1 мың ЖФЭ-нен асып түсті. 

Контейнерлік тасымалдардың, оның ішінде ҚХР-дан Еуропа елдеріне Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша екі есе өсуі байқалуда. Көптеген жөнелтуші өз жүктерін ТХКБ бойынша қайта бағыттады. Бүгінгі таңда бұл маршруттың әлеуеті жоғары. Басты артықшылықтары – жүктерді жеткізу мерзімі және оның Суэц каналына қарағанда жүріп өтетін жолының қауіпсіздігі, - деп атап өтті теңіз портының бас диспетчері Вадим Новиков. 

Контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеудің жоғары көлемін өңдеу үшін осы жылдың тамыз айында теңіз порты қазіргі заманғы қуатты қайта тиеу техникасымен: жалпы және үйінді жүктерді ауыстырып тиеуге арналған 65 тонна жүк көтергіштігі жоғары ричстакерлермен және порталдық кранмен толықтырылады. 

Жалпы биылғы жылдың бес айында 15,8 мыңнан астам ЖФЭ ауыстырылып тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 50% артық. Оның ішінде ТХКБ бойынша 14,3 мың ЖФЭ астам, өсім 2 есе.

Өзгелердің жаңалығы