Ақтау полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні қалай ұстағанын көрсетті

Бөлісу:
Ақтау полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні қалай ұстағанын көрсетті
VIDEO
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Ақтауда көлік ұрлады деген күдікпен азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"102" кезекші пультіне 21-шағын ауданда автотұрақта тұрған Opel Vectra маркалы көліктің ұрланғаны туралы хабар түседі. Полиция қызметкерлері жылдам әрекет етіп, қаланың жедел басқару орталығының бейнабақылау жүйесінің көмегімен күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚК 200-бабымен ("Көлік құралын немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.  

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 200-бабына сәйкес, "Көлік құралын немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету)" қылмысы үшін 1000 АЕК-ке (3 932 000 теңге) дейін айыппұл салу немесе дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Еске салсақ, Ақтауда осыған ұқсас жағдай бұған дейін де болған. Ол кезде қаскүнем Toyota Camry 30 көлігін айдап кетіп, ұсталған еді.

Өзгелердің жаңалығы