Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саябақ Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің аумағында орналасқан.
Патриоттық саябақтың ашылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай батырларымызға құрмет көрсете отырып, «Жеңіс саябағын» ашудың ерекше мәні бар. Қарулы Күштер ардагерлерінің бастамасымен салынған бұл саябақ Отан қорғаушылар ұрпақтарының сабақтастығын, борышқа, әскери ар-ұждан заңдарына, жауынгерлік бауырластыққа және халыққа қызмет етудегі адалдығын еске салады, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Саябақты құру туралы бастаманы отставкадағы полковник Нұрлыбай Қонақбаев бастаған «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері көтерді.
Шағын саябақтың аумағында субұрқақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің мүсіні, Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан маңғыстаулықтардың есімдері жазылған гранит тұғырлықтар, Қазақстанның көрнекті қайраткерлері мен Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері салынған стендтер орналасқан. Ғимарат ішінде Жауынгерлік даңқ бөлмесі де бар.