Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақшолақов отынның қай түрін өткізуде шектеулер байқалатынын айтты

23 Тамыз 2022, 10:09
1745
Бөлісу:

Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов отынның қандай түрінде тапшылық байқалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға ресурс ұстаушылардың келісімі бойынша 1 тонна үшін 222 мың тенге немесе ҚР МӨЗ FCA шарттарында 1 литр үшін 184 теңге деңгейінде анықталды. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өңдірушілер үшін баға бөлшек бағадан өңірге байланысты 15-25% -ға төмен, - деді Ақшолақов. 

Министр 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайтынын айтты. 

 Бұл қажеттілікті 14 күнге жабады. Дизель отынының қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді. ҚР МӨЗ қоры Аи-92 – 71 мың тоннаны, дизель отыны – 53,4 мың тоннаны құрайды. Аи-92 бензині бойынша жағдай тұрақты, ЖМҚС негізгі желілерінде шектеулер жоқ. Сонымен қатар дизель отыны бойынша отын өткізуде шектеулер (талондар мен карталар бойынша отын жіберуге көшу, лимиттер белгілеу) байқалады, - деді ол. 

Министр осыған байланысты логистикалық тізбектің барлық буыны – ҚР МӨЗ ,ҚМГ, ҚТЖ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысы қажет екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы