Ақша жымқыру, адам соттау: Зайытов жұмысын орындамаған басшыларды жауапқа тартуды ұсынды

14 Қараша 2023, 10:11
2572
Бөлісу:
Ақша жымқыру, адам соттау: Зайытов жұмысын орындамаған басшыларды жауапқа тартуды ұсынды
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мына заңды мемлекеттік сатып алуда ақша қалай ұрланатынын мүлдем білмейтін адам жазған сияқты. Мен сізге (Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл – ред.) ақша қалай ұрланатынын айтып берейін. Бірінші басшы «госзакупщикке» «мынау конкурстан өтсін» деп тапсырма береді. Сосын ол соған сай етіп техникалық талаптарды жазады. Басқалары өтіп кетсе, өйтіп-бүйтіп оларды қағып тастайды. Екі жақ келіскеннен кейін жұмыстың ақшасын да көбейтеді, ойларына келгендерін істейді. Ақырында жұмыс істелінбейді. Ақша жымқырылады. Сосын бір кінәлі адамды табады да, соны өтірік соттап жібере салады. Мұндай жұмыс неге керек? – деді депутат.

Ринат Зайытов таныстырылған заң жобасында жауапкершілікке жан-жақты тарту деген бөлік жоқ екенін айтты.

Менің ұсынысым: егер жұмыс істелінбесе, онда мекеменің бірінші басшысынан бастап міндетті түрде жауапқа тарту керек. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын да, сол мекеменің бірінші басшысын да. Сол кезде жауапкершілікті сезінеді. Содан кейін істелінбей қалған жұмыс үшін біреуді соттап жібереміз де отырамыз. Ары қарай зардабын халық тартады. Қаншама ауылдар әлі күнге дейін сусыз отыр. Оны неге қайтадан мемлекет беруі керек? Неге оны қылмыс жасаған адамдар өтеп бермейді? Осыны қарастыру керек. Қажет болса, заңға бағынған құл болмайды. Қаталдық керек сияқты, - деп айтты Зайытов.

Айта кетейік, Қаржы министрлігі депутаттарға «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды орындау үшін әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы