Алматы, BAQ.KZ. Қылмыс Алматының Медеу ауданында болды. Алаяқ өзінің жымысқы пиғылын Семейде жүрген жерінен ойластырып келген.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Алматыға келді, ақша айырбастау орны үшін кеңсе жалдап, тіпті валюта айырбастау туралы хабарландыруды да іліп қойған. Валюта айырбастаудың қолайлы шарттары туралы қулыққа бірінші болып Алматы тұрғыны түскен.
Жексенбі күні, кездесу уақытына келісіп, қыз 80 мың долларды құрайтын барлық соманы белгіленген жерде және уақытта күдіктіге әкеліп берді. Ер адам айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кіріп, қосалқы есік арқылы шығып, жасырынып қалды. Белгілі бір уақыт күткен бойжеткен өзінің алданып қалғанын түсініп, полициядан көмек сұрады, - дейді, Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.
Күдікті - 1985 жылы туған Ш.есімді азамат. Ол Өскемен қаласының әуежайында ұсталды. Дәл сол жерде ол ұрланған ақшамен жасырынбақ болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр.