АҚШ жаңа буындағы ядролық қаруға 100 млн доллар инвестиция салады

Бұл ядролық тежеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

 freepik.com Бүгiн 2026, 09:24
Бүгiн 2026, 09:24
119
Фото: freepik.com

АҚШ билігі жер астындағы нысандарды жоя алатын жаңа ядролық авиабомба әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Әңгіме Nuclear Deterrent System-Air-delivered жобасы туралы болып отыр. Бұл – ұшақ арқылы жеткізілетін және жақсы қорғалған нысандарды, соның ішінде басқару пункттерін, қоймаларды және жерасты кешендерін жоюға арналған перспективалы оқтұмсық.

Жаңа жүйені әзірлеуге АҚШ Энергетика министрлігі шамамен 100 миллион доллар сұрап отыр. Құжаттарда бұл қадам ядролық тежеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазіргі таңда соққы беру қиын саналатын нысандарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіні айтылған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жаңа бомба B61-11 үлгісінің орнына келуі мүмкін. Бұл – жарылыс алдында топыраққа еніп кететін, күшейтілген корпусы бар модификация. Сонымен қатар, болашақ қарудың нақты сипаттамалары әзірге құпия сақталуда: оның еркін түсетін бомба болатыны немесе қашықтан ұшырылатын заманауи нұсқа болатыны әзірге белгісіз.

Наверх