АҚШ Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуден бас тартуы мүмкін

19 Сәуір 2025, 09:19
1045
Бөлісу:
АҚШ Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуден бас тартуы мүмкін
Фото: depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Украинадағы соғысқа байланысты бейбіт келіссөздерге қатысудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The New York Times-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, егер келісімге қол жеткізуге бір тарап кедергі келтірсе, АҚШ мұндай процестен шығып кетуі ықтимал.

18 сәуір күні Ақ үйде сөйлеген сөзінде Трамп журналистердің мемлекеттік хатшы Марко Рубионың бұған дейінгі мәлімдемесіне қатысты сұрағына жауап берді. Рубио «АҚШ бірнеше күннің ішінде Украинадағы соғысты тоқтатуға тырысудан бас тартуы мүмкін» деген еді.

Егер қандай да бір тарап үдерісті айтарлықтай қиындатса, біз бұл келіссөздерге қатысудан бас тартамыз. Бірақ, әрине, олай болмайды деп үміттенемін, - деді Трамп

Президент сондай-ақ бейбіт келісімнің «жақын арада» жасалғанын қалайтынын жеткізді.

Журналистер Украинаға көмекті тоқтату мәселесі жайында сұрағанда, Трамп нақты жауап бермеді.

Осы баспасөз жиынында Трамп Ресей мен Украина тараптарынан келіссөздерге деген «ынта» күтетіні туралы айтты. Ол сондай-ақ Ресейдің онымен екіжүзді саясат жүргізіп отыр деген пікірмен келіспейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ БАҚ Украинада бейбіт келісімге келу үшін АҚШ ұсынған шарттардың кейбір тұстарын жария етті.

Өзгелердің жаңалығы