АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек бөлді

24 Маусым 2022, 20:52
1475
Бөлісу:
АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Украинаға 450 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек бөлетінін жариялады, деп жазды Хабар24. 

Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық байланыс жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби мәлімдеді. 

Жаңа көмек бойынша Украинаға «Химмарс» деп аталатын дүркіндетіп ататын реактивті жүйе, зеңбірек оқтары және патрульдік қайықтар жіберіледі. Бұл көмек Украинаға қару-жарақты жеңілдетіп жеткізуге мүмкіндік беретінен ленд-лиз бағдарламасына жатпайды. 

Жалпы, АҚШ Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Киевке 6 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы