Техас штатындағы Порт-Артур қаласында орналасқан Valero компаниясының мұнай өңдеу зауытында күшті жарылыс болғаны хабарланды, деп жазады BAQ.KZ CNBC телеарнасына сілтеме жасап.
Valero мұнай өңдеу зауытында жуырда болған жарылысқа байланысты төңіректегі барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баршаға дереу қауіпсіз жерге жасырыну туралы бұйрық берілді, – деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметі.
Мәліметке сәйкес, тәулігіне 435 мың баррель мұнай өңдейтін зауытта 770 адам еңбек етеді.
Аудандық шериф Зена Стивенстің айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі өнеркәсіптік жылытқыш болуы мүмкін. Қазір билік өкілдері зауыт маңындағы ауаның сапасын бақылауда ұстап отыр.
Оқиғадан кейін кәсіпорын үстіне қою қара түтіннің қалың бұлты көтерілген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.