Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Маджид Тахт-Раванчи "АҚШ-тың келіссөз туралы ұсынысының еш мәні жоқ" деп мәлімдеді. Бұл туралы IRNA хабарлады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ-тың тұрақты өкілі Келли Крафт Вашингтон аймақтағы қысымды төмендету үшін алдын ала шарттарынсыз Иранмен келіссөзге дайын екенін мәлімдеген болатын.
АҚШ өшпенділігін тоқтатпаса, келіссөз жүргізудің еш мәні жоқ, - деді дипломат.
Сонымен қатар, ол америкалық санкциялар халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін атап өтті.
Өткен аптада АҚШ әскерилері Бағдаттағы әуежайға соққы жасады. Салдарынан ирандық генерал Касем Сулеймани қаза тапты.
Оқи отырыңыз: