АҚШ-тың елімізге санкция салғаны рас па? - СІМ жауабы

13 Наурыз 2023, 17:40
2010
Бөлісу:
АҚШ-тың елімізге санкция салғаны рас па? - СІМ жауабы
Фото: zakon.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ресми өкілге БАҚ өкілі: «Батыс басылымдары Ресейге сатуға санкция салынған гаджет, айфон, микрочип сияқты тауарлардың Қазақстан арқылы тасымалдануы күрт көбейгенін айтып отыр. Бұл басылымдар «Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан жоқ па?», - деген сұрақ қойды. 

Елімізге бір апта бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы келгені белгілі. Қазақстан мен АҚШ арасында арнайы комиссия бар, оны Сауда министрлігі жүргізеді. Егер бір қазақстандық компания Ресейдің бір компаниясымен келіссөз өткізіп немесе келісімшартқа қол қою жоспарланып жатса, сол комиссия алдын ала ақпарат береді. «Бұл келісімшартқа қол қоюдың қажеті жоқ, өйткені санкцияға ұшырайсыздар» деп алдын ала ақпарат береді. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстанның бір де бір компаниясы санкцияға ұшыраған жоқ. Өйткені біз тиянақты жұмыс жүргізіп келе жатырмыз, - деді ол.

Айтуынша, бұл мәліметтер қосымша тексеріледі.  

Енді басылымдарда жарияланған әрине, біз батыс әріптестерімізбен бірге тексереміз. Қазіргі таңда не Еуропадан, не АҚШ-тан ресми түрде қандай да бір ондай хабарлама түскен жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы