АҚШ-тың Channel R радиосында Димаштың әні шырқалды

11 Наурыз 2023, 01:38
1125
Бөлісу:
АҚШ-тың Channel R радиосында Димаштың әні шырқалды
Фото: ru.dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет америкалық Channel R Radio-сында шырқалды. Дегенмен, бұл қазақстандық әншінің аталған радиостанция эфиріне шыққан бесінші әні, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Димаштың қазақ тіліндегі әні Америка радиосында айтылуы оның жанкүйерлерінің арқасында мүмкін болған. Олар күн сайын оның әнінің қойылуын сұраған. Бұған дейін Channel R радиосында Д.Құдайбергеннің Fly Away», «Be with me», «Golden» және «Screaming» композициялары шырқалған еді.

Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Эфирде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндері ойнайды. Мұнда поп-музыкадан R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанр бар.

Channel R жұмысының басты  қағидасы – компания қалаған әуендерді емес, тыңдаушыларына ұнайтын композицияларды тарату. Сондықтан, радио апта сайын тыңдаушылары арасында дауыс беру өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы