АҚШ-тың бірінші ханымы мен ЖИ-робот қызыл кілеммен жүріп өтті

АҚШ-тың бірінші ханымы саммитке жасанды интеллект роботының сүйемелдеуімен келді.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 15:48
Бүгiн 2026, 15:48
122
Фото: видеодан скриншот

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ақ үйде өткен «Болашақты бірге қолдау» атты жаһандық коалиция саммитінің қатысушылары алдына адам тәріздес роботтың сүйемелдеуімен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі CNN-ге сілтеме жасап. 

АҚШ президентінің жұбайы өткен жылы жариялаған бұл бастама дүниежүзіндегі балалардың білім мен технологияларға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

АҚШ-тың бірінші ханымы мен Figure 03 роботы қызыл кілеммен жүріп өтті.

Figure 03, маған серік болғаныңызға рақмет. Сізді Ақ үйдегі менің алғашқы америкалық антропоморфты қонағым деп айтуға толық негіз бар, - деді Мелания Трамп.

Өз кезегінде гуманоид жиналғандармен 11 тілде амандасып, балалардың технология және білім беру саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған осы тарихи қозғалыстың бір бөлшегі болғанына ризашылығын білдірді.

Калифорния штатында орналасқан Figure AI робототехника стартапы 2025 жылдың қазан айында Figure 03-ті таныстырған болатын.

Бұл кір жуу, үй жинау және ыдыс жуу сияқты тұрмыстық жұмыстарда адамға көмекші ретінде пайдалануға арналған үшінші буынның адам тәріздес роботы.

Еске салайық, бұған дейін Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді. 

Наверх