АҚШ-тың 13 штаты мен Вашингтонда энергетикалық төтенше жағдай жарияланды

Қаулыға сәйкес, PJM Interconnection энергетикалық операторы электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін жекелеген электр станцияларының жұмысын қамтамасыз етуге міндеттелді.

 pexels.com 14 Қазан 2026, 08:49
14 Қазан 2026, 08:49
161
Фото: pexels.com

АҚШ Энергетика министрі Крис Райт электр энергиясының жаппай өшу қаупін азайту үшін 13 штат пен Колумбия округін қамтитын аймақта төтенше шаралар енгізді. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

АҚШ Энергетика министрлігінің  мәліметінше, мұндай шешім электр энергиясына сұраныстың артуы, күзгі жоспарлы жөндеу жұмыстары және электр беру желілеріндегі көптеген ажыратуларға байланысты қабылданған.

Қаулыға сәйкес, PJM Interconnection энергетикалық операторы электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін жекелеген электр станцияларының жұмысын қамтамасыз етуге міндеттелді. Қажет болған жағдайда резервтік электр өндіру қуаттарын да пайдалануға рұқсат берілді.

Құжат 2026 жылғы 13–16 қазан аралығында күшінде болады.

Энергетика министрі Крис Райттың айтуынша, бұл шаралар АҚШ-тың Орта Атлантикалық аймағындағы миллиондаған отбасы мен кәсіпорынды қолжетімді әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрдің сөзінше, бұрынғы әкімшіліктің энергия тұтынуды қысқартуға бағытталған саясаты энергетикалық жүйенің құрғақшылық пен желсіз кезеңдерде электр қуатының үзілуіне осалдығын арттырған. Қазіргі әкімшілік электрмен жабдықтаудағы үзілістердің алдын алу үшін қолда бар барлық мүмкіндікті пайдаланбақ.

Еске салайық, 2026 жылғы тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп орталықтандырылған энергетикалық жүйелерде шетелдік жабдықтарды пайдалануға байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге орай төтенше жағдай жариялаған болатын. Ақ үй мұндай жабдықтардың осал тұстары кибершабуылдарға, диверсияларға және электрмен жабдықтаудың бұзылуына әкелуі мүмкін деп қауіптенген.

Наверх