АҚШ-тан Қазақстанға қайтқандарға мың доллар өтемақы төленеді – СІМ

21 Мамыр 2025, 11:51
526
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ-та жүрген қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жақында АҚШ тарапы елде еркін жүруге қатысты көші-қон саясатына өзгеріс енгізген.

Тиісті ақпарат берілді, ол екі тарапта да жарияланды. АҚШ тарапы елде еркін жүруге қатысты өзгеріс жасады. Өз еркімен кететіндердің жолын төлейді. Жаңа бағдарлама бойынша мың доллар көлемінде өтемақы береді, – дейді Қуантыров Мәжіліс кулуарында.

Ол соңғы уақытта өз еркімен елге оралғандар саны мардымсыз екенін айтады.

Жақында 19 азамат өз еркімен келді. Бұл өте аз. Басқа елдермен салыстырғанда аз. Себебі біздің азаматтар ол аймақта заңды түрде жүр, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы