АҚШ-тағы сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам зардап шекті

Оқиға Оңтүстік Каролина штатындағы сауда орталықтарының бірінде болған.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 12:49
Бүгiн 2026, 12:49
135
Фото: istockphoto.com

13 маусым күні АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Гринвилл қаласында орналасқан сауда орталығында атыс болды. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Бұл туралы Fox News телеарнасының жергілікті бөлімшесі хабарлады.

Телеарна мәліметінше, кемінде екі адам ауруханаға жеткізілген. Полиция бірнеше күдіктіні ұстады. Құқық қорғау органдарының болжамынша, оқиға алдымен жанжалдан басталып, кейін атысқа ұласқан.

Наверх