АҚШ-та тағы атыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нью-Мексика штатында бір жасөспірім 3 адамды атып өлтірді, бірнеше адам жараланған. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Атыс шіркеу маңында болған. 18 жастағы жігіттің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Жараланғандардың қатарында полицейлер бар. Олар жергілікті Сан-Хуан ауруханасына жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр.
Полиция деректері бойынша, биыл АҚШ-та 225-ші атыс болған. Әсіресе мұндай оқиғалар жасөспірімдер арасында жиі болып тұрады.
Шамамен 10:57-де бізге қоңырау түсті. Шіркеу маңында оқ дыбыстары естілген. Офицерлер оқиға орнына дереу жеткен. Күдікті адамдарға өзінен өзі оқ жаудыра бастаған. Ол полицияға қарсылық көрсетіп, сол жерде атыс кезінде ажал құшты. Таяда ғана оның 18 жасқа толғаны анықталды, - деді Фармингтон полициясының өкілі Барик Крам.