АҚШ-та синтетикалық ескірткіден көз жұмғандар саны өскен

29 Қыркүйек 2022, 23:25
967
Бөлісу:
АҚШ-та синтетикалық ескірткіден көз жұмғандар саны өскен

АҚШ билігі синтетикалық есірткінің кәмпитке ұқсас ашық түсі шамадан тыс есірткі қолданып қайтыс болу жағдайларына жиі әкелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат CBS News агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бас прокурор Меррик Гарланд Есірткіге қарсы күрес басқармасы АҚШ-та есірткі контрабандасымен айналысатын Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы күрес жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Оның айтуынша, мамыр мен қыркүйек аралығында бүкіл ел бойынша құрамында фентанил және жүздеген фунт ұнтақ түріндегі есірткі бар 10 миллионнан астам таблетка тәркіленген.

Артық доза қолданып қайтыс болғандар саны 2021 жылдың сәуірінен бастап 12 айда 100 мың адамнан асқан.

Есепте көптеген жастардың фентанил қосылған бір таблеткадан көз жұмғаны жазылған.

Есірткіге қарсы күрес басқармасының әкімшісі Энн Милгрэмның айтуынша, 21 штатта түрлі-түсті таблеткалар тәркіленген.

Федералды биліктің мәліметінше, АҚШ-тағы фентанилдің көп бөлігі үшін екі мексикалық есірткі картелі жауап береді.

Өзгелердің жаңалығы