Американың Теннесси штатында гангстерлер кассирді питондармен қорқытып, жанармай құю бекетін тонап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ер адамдар жанармай құю бекетіне жыландарын бұлғап басып кірген. Кассирлер есеңгіреп тұрғанда, қарақшылар 400 доллардың (200 мың теңге) тауарын сатып алып, ізін суытқан.
Кейін жанармай құю бекетінің кезекшілері полицияға жыландардан қатты қорқып, бандиттердің талап еткенінің барлығынан бас тартқанын мойындады.
Жыландар – қару, білесіңдер ме, – деп айтқан кейінірек үрейленген жанармай бекетінің қызметкерлері.