АҚШ-та пойыз өзенге құлап кетті

9 Наурыз 2023, 11:54
756
Бөлісу:
АҚШ-та пойыз өзенге құлап кетті
Фото: Хабар24

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында жүріп келе жатқан пойызды лай көшкіні басып қалып, бірнеше вагон өзенге құлап түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Оқиға Саммерс округіндегі Нью-Ривер өзенінің маңында болды. Апаттан 3 машинист жарақат алды. Бір вагоннан өзенге жанармай төгілді. 

Қазір одан қоршаған ортаға келген залал анықталып, тазалау жұмыстары жүріп жатыр. 

Әдетте бұл жердегі жол аптасына 3 рет тексеріліп тұрады. Осы апатқа бір сағаттай бұрын бір пойыз жүріп өткен еді. Жол шетіндегі жотадан ешқандай қауіп болмаған. Сондықтан қазір лай неліктен көшкенін  анықтап жатырмыз, - деді  CSX компаниясының өкілі Брайан Такер.

Өзгелердің жаңалығы