АҚШ-та орман өртінен жеті мың адам эвакуацияланды

19 Маусым 2024, 12:45
229
Бөлісу:
АҚШ-та орман өртінен жеті мың адам эвакуацияланды

АҚШ-тың бірнеше штатында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Табиғи апаттан Нью-Мексиканың Руисидо мекенінде төтенше жағдай жарияланды. Өрт 2 мың гектар жерді шарпыды. 

Қазір 7 мың тұрғыны бар ауданнан адамдар шұғыл эвакуацияланып жатыр. Нью-Мексикадан бөлек Аризона, Вашингтон, Колорадо, Юта штаттарында да орман өртке оранған. 

Әсіресе Калифорнияда ахуал күрделі. Бұл аймақта дүйсенбіден бері 6,5 мың гектар алқап тып-типыл жанып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы