Тағы 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Оқиға Висконсин штатының әкімшілік орталығы Мадисон қаласындағы христиан мектебінде болды.
Қаза тапқандардың бірі мұғалім, енді біреуі оқушы екені белгілі болды.
Жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуінің жағдайы ауыр. Жергілікті полицияның хабарлауынша, күдікті осы мектептің оқушысы болған. Полиция оқиға орнына келгенде күдіктіні өлі күйінде тапты, алайда тәртіп сақшылары қару қолданбағанын мәлімдеп отыр.