АҚШ-та ресми түрде Мексика шығанағының атауы Америка шығанағы деп ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы 24.kz жазды.
Тиісті ақпарат ішкі істер министрлігінің сайтында келтірілген. Онда бұл шығанақ АҚШ сауда-саттығы, энергетикасы мен теңіз өнеркәсібі үшін маңызды су жолы екені туралы жазылған.
Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен алғашқы күні бұл атауды ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған еді.
Ақ үй басшысы АҚШ-тың геологиялық қызметіне мұндай өзгеріс енгізгенімен, оны халықаралық деңгейде мойындатуы екіталай, – деді сарапшылар.
Мексика тарабы да Трамптың шешімімен келіспей, шығанақтың тарихи атауын сақтап қалуды талап етіп отыр.
Сауалнама:
- Иә, билік Трамптың қолында. Ол елге келген мигранттарды үйлеріне қайтара алады. Бірақ Мексика шығанағының атауын өзгерту – ақылға қонбайтын дүние.
- Бұл дұрыс емес. Әуелден-ақ бұл Мексика шығанағы болған және солай болып қала береді. Трамп мұндай маңызды сұрақта біржақты тәртіпте шешім қабылдай алмайды.