АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталған жоқ.

 magnific.com Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
169
Фото: magnific.com

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында медициналық мақсаттағы шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы төрт адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Associated Press агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Руидосо қаласының маңында болған. Линкольн округі әкімдігінің мәліметінше, ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін өрт шығып, шамамен 2 гектар аумақты шарпыған.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Наверх