АҚШ-та ковидтің "Eris" деп аталатын түрі тез тарап жатыр. Соңғы аптада бұл вирусты жұқтырып ауруханаға түскендер саны күрт артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Дәрілерлер ковид күзге қарай тіпті өршуі мүмкін деп дабыл қағып отыр. Ковидттің "Eris" деп аталатын түрі қазір АҚШ-тағы негізгі штаммдардың біріне айналды. Бұл – омикронның субварианты, өте жұқпалы саналады. Тамызда АҚШ-та тіркелген науқастардың бестін бірінен инфекцияның осы түрі анықталды.
Соңғы бірнеше аптада індеттің өршігенін байқадық. Өзін жайсыз сезініп келген науқастардың көбінде КОВИД бар екені анықталды. Бұған дейін бізге келетіндердің орта есеппен 2-4% инфекция шықса, өткен аптада бұл көрсеткіш шамамен 12%-ға жетті. Вирус жұқтырып, ауруханаға келушілер көбейіп барады, - деді Лонг-Айленд ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің жетекшісі Фредерик Дэвис.
Соңғы екі аптада орташа тәуліктік статистика 20 пайызға өскен. Жалпы елдегі эпид-ахуал күн суыған соң тіпті ушыуы мүмкін. АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы қазан айында ғана індеттің жаңа түріне төтеп беретін екпені шығаруға рұқсат беруі мүмкін. Ал дәрігерлер қазіргі вакциналар омикронның жаңа субвариантына толық қарсы тұра алмайды деп алаңдайды.