АҚШ-та «Иэн» дауылынан 80-ге жуық адам қайтыс болды

2 Қазан 2022, 16:38
854
Бөлісу:
АҚШ-та  «Иэн» дауылынан 80-ге жуық адам қайтыс болды

АҚШ-та "Иэн" дауылы соғып, кем дегенде 77 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Deutsche Welle таратқан мәліметке сәйкес, қаза болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауындағы аудандарда электр жарығы сөніп қалған. 

Сағатына 240 шақырым жылдамдыққа жеткен табиғи апаттың соңы қайғылы жағдайға ұласып отыр.

Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда, жергілікті билік құрбандар саны әлі де өсуі мүмкіндігін айтып дабыл қағуда. Флориданың губернаторы Рона ДеСантиса штатта неше күннен бері мыңнан астам құтқару операциялары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Иэн" дауылы - АҚШ-та бұрын-соңды болмаған ең үлкен апаттың бірі. Дауыл соңы ірі топан суға ұласқан. Жергілікті тұрғындар жарықсыз, байланыссыз қалды. Кейбір аудандарға құтқарушылар әлі жетпеген.

Өзгелердің жаңалығы