Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-та ауыр қылмыс үшін сотталған 11 адам түрмеден қашып кетті

17 Мамыр 2025, 11:20
628
Бөлісу:
 t.me/ru2ch
Фото: t.me/ru2ch

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында қамауда отырған 11 адам қашып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, бір топ тұтқын таңертеңгі тексеріс кезінде тергеу изоляторынан табылмаған. Олар түрлі ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған: арасында қаруды заңсыз сақтаған және адам өлтірген қылмыскерлер де бар.

Полиция қала тұрғындарын сақ болуға шақырып, қашқындардың «қарулы әрі қауіпті» екенін ескертті.

Шериф кеңсесі 11 қашқынның жетеуінің фотосуретін жариялады. Олардың біреуі қазірдің өзінде ұсталған, қалғандары әлі іздеуде.

Өзгелердің жаңалығы