АҚШ-та акула адамға шауып, мерт қылды

АҚШ-та акула адамға шауып, мерт қылды
891

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Калифорния штатында бір сёрферге акула шабуыл жасап, көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Оқиға Морро-Бэй қаласына жақын жердегі жағажайда болды. Ер адам жыртқыштан құтылып, жағаға жеткенмен қансырап көз жұмған сияқты. Дәрігерлер оқиға орынына келгенде, оның жан тапсырғанын байқаған. 

Оқиғадан кейін демалушыларға бір күн бойы суға түспеуге кеңес берілген. Жалпы акуланың адамдарға шабуылы сирек кездеседі. Желтоқсан айында Австралияда екі жеткіншек жыртқышты байқап қойып, дереу жаға шығып аман қалған болатын.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы