АҚШ-та 4,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді

11 Мамыр 2025, 03:17
599
Бөлісу:
АҚШ-та 4,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: pixabay

АҚШ-тың Теннесси штатында магнитудасы 4,1 баллға жеткен жер сілкінісі болды. Бұл туралы NBC News телеарнасы АҚШ Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық дүмпулер жергілікті уақытпен таңғы 9:04-те тіркелді. Эпицентр Гринбек қаласынан шамамен 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісі Атлантада, Солтүстік Каролинаның батыс өңірінде және басқа да жақын аумақтарда сезілген.

NBC News хабарлауынша, Шығыс Теннесси сейсмикалық белдеуі АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы ең белсенді аймақтардың бірі болып саналады. Бұл аймақ Теннесси, Джорджия және Алабама штаттарының кей бөліктерін қамтиды. Мамандардың болжамынша, алдағы аптада мұндай немесе одан жоғары (≥4 балл) афтершоктардың қайталану ықтималдығы 5% шамасында.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы