АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалып кетті

Полиция оның автокөлігін анықтағанымен, қайда жүргені әлі белгісіз.

 threads.com/@bostonglobe2 Бүгiн 2026, 09:16
Бүгiн 2026, 09:16
132
Фото: threads.com/@bostonglobe2

Әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жас жігіт Чикаго маңындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған. Ол соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бастап телефоны сөнген.

Туыстарының айтуынша, оның құжаттары мен банк карталары үйінде қалған. Сондай-ақ олардың мәліметінше, 10 маусымда полиция жоғалған азаматтың Toyota Camry автокөлігін (мемлекеттік нөмірі DP 86722) тапқан. Алайда Әсеттің өзі әлі күнге дейін табылмаған. Жарияланым астындағы пікірлерде жоғалған азаматтың АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) дерекқоры арқылы тексерілгені, бірақ оның ұсталғаны туралы мәлімет анықталмағаны жазылған.

Оны ICE дерекқоры арқылы тексерді, бірақ ол жақтан табылмады. Әдетте ICE ұстаған жағдайда құжаттарды бірден алып қояды. Ал оның құжаттары үйде қалған. Тағы бір мәлімет бойынша, оның көлігін дүкеннің жанына қара нәсілді әйел қалдырып кеткен, полиция мұны бейнекамералар арқылы анықтаған. Ол қылмыс деңгейі өте жоғары қауіпті ауданның маңында тұрған. Жаман нәрсе ойлағымыз келмейді, бірақ бұл жерде күмәнді жайттар бар сияқты. Ең бастысы, аман-есен табылсын, – деп жазды қолданушылардың бірі.

Жарияланым авторлары Әсет Құралбайды соңғы күндері көрген немесе ол туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан оның туыстарымен +7-702-575-47-47 нөмірі арқылы хабарласуды сұрады.

Редакция Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдады. 

Наверх