Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Сириядағы әскер санын 900-ге дейін қысқартпақ

17 Мамыр 2025, 06:27
294
Бөлісу:
 AP Photo / Maya Alleruzzo
Фото: AP Photo / Maya Alleruzzo

АҚШ Сириядағы әскери қызметкерлерінің санын 2 мыңнан 900 адамға дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Al Jazeera Ақ үйге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Вашингтон мәліметінше, әскерді ел аумағынан біртіндеп шығару алдағы айларда жүзеге асады.

Бұған дейін, 3 мамырда, Al Arabiya АҚШ-тың Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясындағы әл-Омар және Коноко мұнай кен орындарынан әскерін әкете бастағанын хабарлаған. Аталған екі база — АҚШ-тың аймақтағы ең ірі әскери нысандарының бірі.

Өзгелердің жаңалығы