Әлемнің бірнеше елінде ауа температурасы қатты көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ВВС таратқан ақпаратқа сүйенсек, Еуропаның оңтүстігінде, сондай-ақ АҚШ пен Қытайда температура 50 градус Цельсийден асып кетті. Синоптиктердің айтуынша, күн райы аптаның ортасына дейін өзгермейді.
Болжамдарға сәйкес, италиялық Сардиния аралының оңтүстігінде сынап бағанасы 46°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Ал құрлықтық Италияның оңтүстігінде 43°C ыстық күтілуде. Испанияның оңтүстігінде ауа температурасы 46°C-қа, ал Францияның оңтүстігінде күн 40°C-қа дейін ысиды.
Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысында да аптап ыстық. Метеорологтардың айтуынша, 38 қалада рекорд болған.