АҚШ пен Қытай стратегиялық тұрақтылық кезеңінің басталу шегінде тұр. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз стратегиялық тұрақтылық кезеңіне аяқ бастық. Ақыр соңында, әлемдегі ең ірі екі экономика ретінде біз сауда қақтығысы арқылы қандай да бір пайда көре алармыз, бірақ бұл бүкіл әлемге кері әсер етуі мүмкін, - деді ол.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ Қытаймен ынтымақтастық орнатуға мүдделі, алайда Вашингтон бұл ынтымақтастық аясында туындауы мүмкін кез келген сын-қатерге де дайын болуы тиіс.