АҚШ пен Израиль соққылары: Иранда 81 мыңнан астам нысан бүлінді

Қираулар туралы деректер әлі де нақтыланып жатыр.

 Report Бүгiн 2026, 11:18
Бүгiн 2026, 11:18
171
Фото: Report

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары салдарынан азаматтық инфрақұрылымға жататын 81 мыңнан астам нысан зақымданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хусейн Куливенд мәлімдеді.

Оның айтуынша, шабуылдар кезінде медициналық және білім беру мекемелері, жедел жәрдем көліктері, сондай-ақ гуманитарлық қызметкерлер де зардап шеккен.

Азаматтық шығындар мен қираудың ауқымы жөніндегі мәліметтерді жинау және тексеру жұмыстары қазір жалғасып жатыр, – деді ол.

Наверх