АҚШ Ормуз бұғазы бойынша халықаралық коалиция құруды ұсынды

Ресми түрде бастама әскери емес сипатта ұсынылғанымен, кейбір мемлекеттерге «дипломатиялық және/немесе әскери серіктес» болу ұсынылғаны айтылды.

 freepik Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
86
Фото: freepik

АҚШ әкімшілігі Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық коалиция құру бастамасын көтерді. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті шетелдегі елшіліктеріне арнайы нұсқау жіберіп, дипломаттарға өзге мемлекеттерді жаңа бастамаға қосылуға үгіттеуді тапсырған.

Жоспарланған коалицияның негізгі мақсаты – қатысушы елдер арасында ақпарат алмасуды жолға қою, дипломатиялық іс-қимылды үйлестіру және санкциялық саясатты тиімді жүзеге асыру. Ресми түрде бастама әскери емес сипатта ұсынылғанымен, кейбір мемлекеттерге «дипломатиялық және/немесе әскери серіктес» болу ұсынылғаны айтылды.

Бұған дейін Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдайтын елдерді теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысуға шақырған еді. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және Франция сияқты елдердің қатысуы қарастырылған.

Алайда бұған дейін ұсынылған ұқсас бастама кең қолдау таппаған. Соған қарамастан, Вашингтон Ормуз бұғазы маңындағы тұрақсыздық жағдайында жаңа коалиция құру арқылы теңіздегі қауіпсіздікті күшейтуді көздеп отыр.

Наверх