Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Иранның үш жеке тұлғасына санкциялар енгізді

13 Мамыр 2025, 08:31
371
Бөлісу:
 Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

АҚШ Ираннан келген бір заңды және үш жеке тұлғаға, соның ішінде Fuya Pars Prospective Technologists компаниясына, ядролық қаруды дамытуға қарсы күрес деген негізбен санкциялар енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде санкцияға іліккендер арасында Иранның Қорғаныс инновациялары және зерттеулер ұйымының (SPND) басшысы, аталған ұйымның жоғары лауазымды өкілі және жарылыстар мен соққыларды зерттеген атом ғалымы бар екені көрсетілген. Сонымен қатар санкциялар SPND-мен аффилиирленген жеке компанияға да қолданылды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 13382 Жарлығына сәйкес, жаппай қырып-жоятын қаруды немесе оны жеткізу құралдарын таратуға елеулі ықпал ететін немесе елеулі жәрдемдесу қаупін туғызатын қызметке немесе мәмілелерге қатысқаны немесе қатысуға тырысқаны үшін бұл тұлғаларға санкция енгізеді, – делінген ресми хабарламада.

Бұл шешім Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ушығып келе жатқан жағдай аясында қабылданып отыр. Бір күн бұрын, 11 мамырда Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің ядролық бағдарламадан толық бас тартуы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Тегеранның бейбіт атом саласын одан әрі дамытуға ұмтылатынын және келіссөздер барысында Иранның қақтығыстар емес, бейбіт шешімдер іздеуге мүдделі екенін атап өтті.

АҚШ тарапынан енгізілген бұл санкциялар Иран мен Батыс елдері арасындағы шиеленістің жаңа кезеңіне жол ашуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы