АҚШ Ираннан кейін Кубаға шүйлікті: Рубио жаңа операция басталғанын мәлімдеді

Марко Рубио Вашингтонның Ираннан кейін Куба мәселесіне де назар аударатынын мәлімдеді.

 Getty Images / Anadolu/Rasit Aydogan Бүгiн 2026, 09:55
Бүгiн 2026, 09:55
147
Фото: Getty Images / Anadolu/Rasit Aydogan

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қатысты жағдайдан кейін Вашингтон Куба мәселесімен де айналысуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кубаға қарсы ешқандай мұнай блокадасы жоқ. Куба Венесуэладан көп көлемде тегін мұнай алып келді, бірақ ол ел халқына еш пайда әкелген жоқ, өйткені билік оны валютаға қайта сатып отырған. Венесуэла (егер мұны блокада деуге болса) Кубаға тегін мұнай жеткізуді тоқтатты. Кубадағы қазіргі жағдайды қабылдауға болмайды, біз бұл мәселемен айналысамыз, бірақ бүгін емес, – деді Рубио Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар қазіргі басты назар Иранға және Ормуз бұғазы маңындағы жағдайға аударылған.

Рубио АҚШ әрекеттерінің қорғаныс сипатында екенін атап өтті.

АҚШ-тың Ормуз бұғазындағы операциясы шабуыл жасауға емес, қорғанысқа бағытталған, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ мемлекеттік хатшы Ирандағы экономикалық ахуалға қатаң баға берді.

Бүгінде Ирандағы инфляция 70%-ға жетті, ал олардың валютасы толық әрі жойқын құлдырау жағдайында. Иранға қарсы санкцияларды айналып өтуге көмектесетін кез келген шетелдік қаржы ұйымы немесе коммерциялық құрылым екінші деңгейлі санкцияларға ұшырап, АҚШ қаржы жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігінен айырылады, – деді Рубио.

Оның айтуынша, АҚШ өңірдегі тұрақтылықтың қайта орнауына мүдделі.

Біз Ормуз бұғазындағы жағдайдың соғысқа дейінгі қалыпқа оралғанын қалаймыз, – деді ол.

Рубио Иран билігі туралы да өткір пікір айтты.

Бұл үкіметтің жоғары басшылығы ақылынан алжасқан. Әлем Иранның құрбанына айналды, – деді мемлекеттік хатшы.

Бұдан бөлек, ол Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» операциясы аяқталғанын және бұл жөнінде Конгреске Дональд Трамптың хабар бергенін айтты.

Енді біз «Бостандық жобасы» операциясына кірістік, – деп түйіндеді мемлекеттік хатшы.

Еске  салайық, бұған дейін АҚШ Кубаға қатысты ықтимал әрекеттерге дайындалып жатқаны туралы жаздық. 

Наверх