АҚШ: Иран блокадасы басталғалы 33 кеме бағытын өзгертті

Аталған жағдай Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі аясында теңіз тасымалына бақылаудың арта түскенін көрсетеді.

 freepik Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
93
Фото: freepik

АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның әскери-теңіз блокадасы басталғалы бері 33 кеменің бағытын өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Хабарлама X әлеуметтік желісінде жарияланды. Бұған дейін америкалық тарап 31 кеменің қозғалысына ықпал еткенін хабарлаған болатын.

Сонымен қатар АҚШ Ираннан мұнай тасымалдады деп санкцияға іліккен бір кемені ұстап, тексергенін де мәлімдеді.

Аталған жағдай Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі аясында теңіз тасымалына бақылаудың арта түскенін көрсетеді.

Наверх