Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ елшілігі Астанада арзан көлік пен техника сатады – баға 200 теңгеден басталады

7 Тамыз 2025, 14:51
18280
Бөлісу:
 online-auction.state.gov
PHOTO
Фото: online-auction.state.gov

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі артық пайдаланылмаған мүліктерін онлайн-аукцион арқылы сатылымға қойды. Саудаға автокөліктер, теңіз контейнерлері және офистік техника шығарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аукцион 11 тамызда сағат 08:00-де басталып, 15 тамыз күні 17:00-де аяқталады. Қатысуға 18 жастан асқан кез келген адам өтінім бере алады.

Mitsubishi L200 – нарық бағасынан екі есе арзан

АҚШ елшілігі Астанада арзан көлік пен техника сатады – баға 200 теңгеден басталады
Фото: online-auction.state.gov

Назар аударарлық лоттардың бірі – 2011 жылғы Mitsubishi L200 пикапы. Көлік дизельмен жүретін, автоматты беріліс қорабы бар, жүрісі – 115 820 шақырым. Аукциондағы бастапқы бағасы – 2 миллион теңге, ал нарықтағы дәл осы модельдің құны 4-10 миллион теңге аралығында.

АҚШ елшілігі Астанада арзан көлік пен техника сатады – баға 200 теңгеден басталады
Фото: online-auction.state.gov

Айта кетейік, бұл көлік бұған дейін мамыр айындағы аукционға да қойылған болатын.

Polaris Ranger 6x6 – тек 200 теңгеден!

АҚШ елшілігі Астанада арзан көлік пен техника сатады – баға 200 теңгеден басталады
Фото: online-auction.state.gov

Екінші ерекше лот – Polaris Ranger 6×6 UTV. Бұл – алты дөңгелекті, жол талғамайтын, жүк тасымалдауға арналған утилитарлы техника. Қозғалтқыш көлемі әдетте – 760 см³, толық жетекті жүйемен жабдықталады. Артқы жағында жүк платформасы бар бұл техника ауыр жұмыстарға арналған.

АҚШ елшілігі Астанада арзан көлік пен техника сатады – баға 200 теңгеден басталады
Фото: online-auction.state.gov

Көлік аукционда бар болғаны 200 теңгеден сатылымға шығарылған.

Қосымша қандай мүліктер сатылуда?

Аукционда сонымен қатар:

• бірнеше теңіз контейнері,
• кеңсе жиһаздары,
• принтерлер, мониторлар, оргтехника сынды офистік жабдықтар ұсынылған.

Үшінші лотта жүйелік блок – 5 дана, монитор – 10 дана, ноутбук – 1 дана, тірек типті ноутбук -1 дана, сканер – 1 дана, серверлік жүйелік блок – 2 дана, коммутатор – 11 дана, VTC камерасы – 1 дана, VTC жабдығы – 1 дана бар.

АҚШ елшілігі Астанада арзан көлік пен техника сатады – баға 200 теңгеден басталады
Фото: online-auction.state.gov

Барлық заттар "сол қалпында" сатылады. Кепілдік берілмейді, қайтару мен айырбас қарастырылмаған. Елшілік саудаға қатысушыларға "Қалай жұмыс істейді" бөлімін мұқият оқуға кеңес береді.

Аукцион ережелеріне сәйкес, тауарларды жеткізу, рәсімдеу және тасымалдау шығындары жеңімпаздың есебінен жүргізіледі. Кейбір лоттар бойынша рәсімдеу мерзімі 30-45 күнге дейін созылуы мүмкін, – делінген ресми сайтта.

Елшілік аукционы – дәстүрлі тәжірибе

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мұндай аукциондарды жыл сайын ұйымдастырады. Бұл – қызмет мерзімі аяқталған немесе елшілік жұмысына қажет болмай қалған мүлікті өткізуге арналған қалыпты халықаралық тәжірибе.

Мамыр айында өткен аукционда да дәл осындай Mitsubishi көліктері, жиһаздар және басқа техникалар сатылымға қойылған.

Аукцион жайлы толық ақпарат пен қатысу нұсқаулығы: online-auction.state.gov (ресми сайт).

Бұл аукцион – арзан бағаға автокөлік пен кеңсе техникасын сатып алуға жақсы мүмкіндік. Әсіресе Mitsubishi L200 мен Polaris Ranger 6x6 сынды жоғары сұраныстағы техника нарықтық бағадан бірнеше есе төмен ұсынылуда.

Өзгелердің жаңалығы