АҚШ долларын қолдан жасаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған 9300 АҚШ долларын жасағандардың ісін сотқа жолдады.

 30 Маусым 2022 2022, 08:47
30 Маусым 2022 2022, 08:47
1408

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған 9300 АҚШ долларын жасағандардың ісін сотқа жолдады.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған 9300 АҚШ долларын жасаған және психотроптық заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Күдіктіге қатысты «қамауға алу түріндегі» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, – делінген хабарламада.

Наверх