"АҚШ дипломаты 9 айда, ал сіз ше?". БАҚ өкілі министрді сынап тастады

12 Желтоқсан 2023, 16:57
1966
Бөлісу:
"АҚШ дипломаты 9 айда, ал сіз ше?". БАҚ өкілі министрді сынап тастады
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақ тілін неге үйрене алмай жүргенін түсіндіре алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, биыл сәуірде Алмасадам Сәтқалиев қазақшаны 6 айда үйренемін деп уәде берген еді.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында "АҚШ дипломаты қазақ тілін 9 айда үйренді. АҚШ дипломаты үйреніп алған қазақ тілін сіз неге үйрене алмай жатырсыз? Ұят емес пе?" - деп сұрақ қойды журналист.

Сұрағыңызға рахмет! Үйренеміз, - деп қысқа қайырды Сәтқалиев.

Өзгелердің жаңалығы