АҚШ делегациясы Гренландияға ресми сапармен барады

24 Наурыз 2025, 22:51
735
Бөлісу:
АҚШ делегациясы Гренландияға ресми сапармен барады
Фото: nationalgeographic.kz

Осы аптада АҚШ-тың жоғары деңгейдегі делегациясы Гренландияға ресми сапармен барып, аралдың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Делегацияны АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің жұбайы Уша Вэнс басқарады. Сапарға сондай-ақ Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц пен энергетика министрі Крис Райт қатысады.

Сапар бағдарламасына АҚШ-тың Питуффик ғарыш базасына бару; Гренландияның тарихи орындарын аралау; "Шанаға жегілген иттер" ұлттық жарысына қатысу жоспары кіреді.

Бұл сапардың маңызы Гренландияның геосаяси рөліне байланысты артып отыр. Бұған дейін АҚШ Гренландияны аннексиялау жоспарын жариялаған, алайда Дания мен Гренландия билігі бұл ұсынысты қабылдамады.

Сондай-ақ Дания билігі АҚШ-қа Гренландияда әскери орналасуға рұқсат беру мүмкіндігін талқылаған болатын. Бұл мәселе ЕО басшыларымен өткен келіссөздерде де көтерілген.

АҚШ Конгресінде Гренландияны сатып алу туралы заң жобасы ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы