АҚШ Brent мұнайының 2026 жылға арналған болжамды бағасын көтерді

АҚШ Энергетика министрлігі 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасына қатысты болжамын 4,1 долларға көтерді.

 pixabay 10 Қыркүйек 2026, 02:25
10 Қыркүйек 2026, 02:25
74
Фото: pixabay

АҚШ Энергетика министрлігі 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасына қатысты болжамын 4,1 долларға көтерді.

АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) ай сайынғы есебіне сәйкес, Brent мұнайының биылғы орташа бағасы бұған дейінгі 86,91 доллардан 91,01 долларға дейін қайта қаралған.

Болжамның өсуіне әлемдік мұнай қорларының азаюы және Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан жеткізілімдерге қатысты тәуекелдердің күшеюі себеп болып отыр. EIA мәліметінше, әлемдегі мұнай қоры жыл басынан бері шамамен 400 млн баррельге қысқарған.

Бағалар әлемдік мұнай қорларының қысқаруына байланысты жоғары деңгейде қалып отыр. Біздің бағалауымыз бойынша, жыл басынан бері әлемдік мұнай қоры 400 млн баррельге азайған, – делінген есепте.

Сонымен қатар қазіргі нарықтағы жағдай Brent бағасының нақты сауда құнында болжамнан да жоғары деңгейге көтерілуіне алып келді. 9 қыркүйекте Brent бағасы 100 доллардан асып, 101 доллардан жоғары деңгейге жетті.

Бұл ретте сарапшылар Таяу Шығыстағы жағдайдың әрі қарай шиеленісуі мұнай жеткізіліміне қысымды күшейтіп, бағаның жоғары деңгейде сақталуына әсер етуі мүмкін екенін атап отыр.

Наверх