АҚШ азаматы Лениннің денесін 50 миллион долларға сатып алмақ

20 Қыркүйек 2020, 06:23
2291
Бөлісу:
АҚШ азаматы Лениннің денесін 50 миллион долларға сатып алмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ суретшісі Дэвид Датуна Вашингтонда Ленинге арнап кесене салып, оның мүрдесін Ресейден сатып алуға ниетті. Қазір ол жоспарды іске асыру үшін 50 миллион доллар қаржы жинағанын мәлімдеді.

Ресей БАҚ-ның хабарлауынша, бір күннің ішінде Датунаға инвесторлар хабарласып, 50 миллион доллардан көп қаржы ұсынған.

Жоба Америка және ресейлік азаматтардың қолдауына ие болып отыр. Әрине, бұл идеяға наразы саясаткерлер де бар, – дейді суретші.
Ресей саясаткері Геннадий Зюганов «Отанды, тұлғалар мен көсемді тек сатқындар ғана сатады» деп наразылық білдірген еді.
Сіз Ресей саясаткері бола тұра, Лениннің тек қана бір елдің емес, әлемдік пролетариаттың көсемі екенін ұмытқан сияқтысыз. Тіпті, сіз Лениннің мүрдесін бізге түбегейлі бергіңіз келмесе де, тым болмағанда оны уақытша беруге келісетін шығарсыз? Оның үстіне, көсемнің мүрдесін Мәскеуде ұстаудың қиындығы жыл сайын ресейлік азаматтарды толғандырып келеді, - деп жауап қатты Датуна ресейлік саясаткерге.

Өзгелердің жаңалығы