АҚШ-та болған атыстан 11 адам қаза тапты

1 Маусым 2019, 13:58
1721
Бөлісу:
АҚШ-та болған атыстан 11 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Виржиния-Бич қаласында жұма, 31 мамырда кешке қарай қалалық муниципалды басқарма ғимаратында жергілікті қызметкерлердің бірі адамдарға оқ атып, кемінде 11 адам қаза тапты.

"Полиция дерегінше, ер адам ғимараттың бір қабатынан келесі қабатына көтеріле жүріп, оқ атқан. Оны оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері атып өлтірген" - деп жазады Азаттық радиосы.

Оның есімі әзірге айтылмайды. Жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal басылымы қызметкердің қалалық коммуналды қызмет көрсету саласында жұмыс істегенін айтқан. Қалалық полиция шерифі Джим Сервер де бұл ақпаратты растаған. Полицияның айтуынша, ол жалғыз әрекет еткен. Атыстың себептері анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы