Ақордаға Германия канцлері Олаф Шольц келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  16 Қыркүйек 2024 2024, 14:19
16 Қыркүйек 2024 2024, 14:19
840

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның басшысы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Олаф Шольц пен Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамдағы кездесуге қарай кетті.

Кездесу 16-17 қыркүйекке жоспарланған. Сапар аясында елордада жоғары деңгейдегі келіссөздер және «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді.

Наверх