Ақордада «Жайлы мектеп» пен «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы қаралды

28 Қыркүйек 2022, 19:10
1046
Бөлісу:
Ақордада «Жайлы мектеп» пен «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы қаралды

Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылады. 

2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу; мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету; оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау; білім беру қызметінің сапасын арттыру міндеттері қойылды.

Бұл еліміздегі үш ауысымды және апатты мектептерді жоюға; білім сапасына қатысты алшақтық факторларын жоюға (қалалық/ауылдық); білім беру ортасының жаңа стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.

Ал әкімдердің жеке жауапкершілігіне мектеп салуға жер телімдерін беру; инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салу, қоғамдық көлік бағыттарын анықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу; Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және мектептерді иелікке алу; мектепті пайдалануға берудің бекітілген жоспарын уақтылы орындау; Жобаны іске асырудың алғашқы жылында оқушы орны тапшы аймақтарда мектептер салуды қамтамасыз ету секілді міндеттер жүктеледі.

Сондай-ақ отырста «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы туралы да айтылды.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісіндегі нормативтерге өзгерістер енгізу:

▪️50 тұрғынға дейінгі ауылдарда медициналық қызметкердің болуы;
▪️Медициналық пункт – 50-ден 500 адамға дейін;
▪️Фельдшерлік-акушерлік пункт –  500-ден 1500 адамға дейін;
▪️Дәрігерлік амбулатория – 1500-ден 5 000 адамға дейін;
▪️ АМСК орталығы – 5 000-нан 30 000 адамға дейін.

НЕГІЗГІ ШАРАЛАР

▪️ Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (АМСК) 655 нысанының құрылысы, оның ішінде:

▪️ АМСК 228 жаңа нысан, оның ішінде:
- 123 медициналық пункт,
- 77 фельдшерлік-акушерлік пункт,
- 28 дәрігерлік амбулатория.

▪️ Қолданыстағы АМСК нысандарының орнына 427 нысан, оның ішінде: 
- 130 медициналық пункт,
- 165 фельдшерлік-акушерлік пункт,
- 132 дәрігерлік амбулатория.

Жоба аясында медицина кадрларымен қамтамасыз ету:

▪️2022-2024 жылдары – 16 570 мейіргерлер мен 17 585 фельдшер дайындықтан өтеді; 
▪️ Медициналық жоғары оқу орындарында жыл сайын 2 200-ден астам жалпы практика дәрігерлері дайындықтан өтеді.

Өзгелердің жаңалығы