Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды

Кеше, 09:03
410
Бөлісу:
Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды

Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы