Ақордада ауыс-түйіс болды: Кім кетіп, кім келді?

2 Сәуір 2025, 10:12
1439
Бөлісу:
Ақордада ауыс-түйіс болды: Кім кетіп, кім келді?
Фото: Ақорда

Президенттің өкімімен Ақордада ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігінде 2017 жылдан бері қызмет етіп келген. Ал бұған дейін министрліктер мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқарған. Бұл қызметке дейін Әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімін басқарған. Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып 2023 жылдың күзінде тағайындалған.

Құлсейітовтен босаған бұл орынға Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Ерназар тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2023 жылғы тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Рақымжан Ерназарды Президент әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындаған еді.

Өзгелердің жаңалығы